RU
Өлілермен тілдесе алатын балақай жұрттың зәресін ұшырды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өлілермен тілдесе алатын балақай жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та кішкентай балақай сөйлеп үйрене бастаған сәтінен жұртты таң қалдырып келеді. Ол өлілермен тілдесетінін айтып, өзінің бұрынғы өмірлері туралы баяндаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы pure-t.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай. Фото: firco.ru

Балақай. Фото: firco.ru
Source: UGC

Чарли Бетти есімді балақайдың сөздері көпшіліктің зәресін ұшыруда. Оның айтуынша, бұрынғы өмірінде балақай тұншығып өлген. Ал әкесі суға батқан.

Балақай. Фото: firco.ru

Балақай. Фото: firco.ru
Source: UGC

Чарлидің анасы баласының адам сенгісіз жайттарды жиі суреттеп отыратынын айтуда. Тіпті өте сирек кездесетін адамдардың көне есімдерін атап, олардың басынан өткен қиындықтарын баяндайды екен.

Балақай. Фото: firco.ru

Балақай. Фото: firco.ru
Source: UGC

"Бір күні Чарлиден тамаққа тұншығып қалмауын ескертіп, абайлап асықпай жеуін сұраған едім. Ол болса, "өткен өмірімде мен онсыз да тұншығып өлгенмін, әкем де суға батты, ал анам қатты қайғырды" деп жауап берді.

Ал мектеп мұғалімі Чарлидің бұл әңгімелерін естігеннен кейін бірден маған хабар берген. Балам әкесі суға батып жатқанын айтып, мұғалімнің үрейін ұшырған", - дейді балақайдың анасы Меган.

Меган баласының өлілермен тілдесе алатынына сенімді. Тіпті Чарлиді суретке түсіргенде де оның ерекше бала екенін байқап қалған.

Балақай. Фото: firco.ru

Балақай. Фото: firco.ru
Source: UGC

"Фотода, неге екенін, тек менің ұлыма күн сәулесі түсіп тұр", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
7
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel