RU
Шымкентте құдалықта уланған науқастардың неден ұшынғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте құдалықта уланған науқастардың неден ұшынғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте құдалықта уланған науқастардың қандай ас жегені белгілі болды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: improvehealth.ru

Көрнекі фото: improvehealth.ru
Source: UGC

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде өткен құдалықтан соң аурухана төсегіне таңылған науқастардың барлығына "өткір ішек инфекциясы" диагнозы қойылған. Той томалақтаймын деп ауруханадан бір-ақ шыққандардың айтуынша, барлығы да қымыз ішіп, балық жеген.

"Сағат кешкі 7 жарымдарда мазам қаша бастады. Үйге келіп, жедел жәрдем қызметін шақырдым. Астан уланғаным белгілі болды. Нақты қандай астан уланғанымды айта алмаймын. Бірақ бәріміз балық жедік, қымыз іштік. Салат жеген жоқпын", - деді науқастардың бірі.

Бұл оқиғаға қатысты "Санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарды бұзу" бабы бойынша іс қозғалды.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал құдалық өткен мейрамхана жұмысын әлі де жалғастырып келеді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel