RU
67 жасында жүкті болған әйел дәрігерлердің кеңесін керек етпеді
Жаңалықтар Калейдоскоп

67 жасында жүкті болған әйел дәрігерлердің кеңесін керек етпеді

Рассказать Вконтакте

Қытайда егіз балаға аяғы ауыр болып қалған әйел адам түсік жасатудан бас тартып отыр. Ол дәрігерлердің берген кеңестеріне құлақ асқысы келмейтінін айтқан деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bjnews.com.cn

Фото: bjnews.com.cn
Source: UGC

Әйел адам бірнеше жыл бұрын жалғыз баласынан айырылып қалған. Ер жігіт жантүршігерлік жол апатында қаза тапты.

Азаматша тұнғышын босанған кезде Қытайда "бір отбасы - бір бала" ережесі болғандықтан, жолдасы екеуі балалы болуыға асықпаған.

Жалғыз ұлдарынан айырылып қалған ата-ана Тайваньға барып, ЭКО жасатуға шешім қабылдады.

Қажет процедуралардан кейін елге оралған әйел егіз балаға жүкті болғанын білген. Дәрігерлер азаматшаның жасы мен қан қысымына байланысты оған бірден түсік жасатуға кеңес берді.

Алайда, оларды тындағысы келмеген әйел ақыр-соңы егіздерді босануға бел буды. Ерлі-зайыптылар ұзақ өмір сүретіндеріне сенімді болып отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel