RU
Алматыда көліктерінің мемлекеттік нөмірін алып тастап, жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көліктерінің мемлекеттік нөмірін алып тастап, жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланды

Рассказать Вконтакте

Алматыда көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін алып тастап, жол ережесін өрескел бұзғандар жауапқа тартылуда. Дегенмен екі көлік иесі жол сақшыларының уысынан сытылып кеткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: e38.ru

Көрнекі фото: e38.ru

Әл-Фараби даңғылымен шығысқа бағыт алған көлік керуені салтанатты той кортежі екені анықталды. Шетелдік қымбат темір тұлпарлардың ешбірінен мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді. Тіпті, бір көлік арнайы қызмет барысында қолданылатын дабыл құрылғысымен жабдықталған.

Тал түсте көше бойында ойран салғандар өзгелерге жол бермей, Талғар тас жолына бұрылыпты. Полицейлер 4 жүргізушінің әкімшілік айыпқа тартылғанын айтады. Олар мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізіп, машинаның әйнегін қараңғылап алғандар.

Дарақы жүргізушілер 24 мыңнан 48 мың теңге айыппұл төлеп құтылды. Сондай-ақ, осы кортежде көлігін артқа бұрып алып жүріп, рұқсат етілмеген дабыл қондырған тағы екі жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel