RU
Атырау облысында су іздеген ірі қара батпаққа батып өліп жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында су іздеген ірі қара батпаққа батып өліп жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында су іздеген ірі қара Нарын, Бақсай каналдарындағы батпаққа батып, өліп жатыр! Тұрғындардың сөзіне сенсек, жалпы ұзындығы 150 шақырымнан асатын каналдың жағасы қазір өлексеге толы деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасындағы видедон алынды

Кадр КТК арнасындағы видедон алынды

Исатай ауданы аумағындағы Нарын каналынан тарайтын бірнеше арнаның қазір осы маңдағы жан-жануарға қауіп төндіріп, әрі тұрғындардың ашуын тудырып отырған жайы бар.

Көпшіліктің сөзіне сенсек, олар қазір басқа шаруаны ысырып қойып, жапа-тармағай көлікпен каналдың жағалауын күзетуге көшкен. Қазірдің өзінде, талай ұсақ малды айтпағанда, жиырмадан астам ірі қара батпақта арам қатқан.

"Өріске шыққан жігіттер құдайдың құтты күні 1-2 бас ірі малды батпақтан суырып шығарып жатыр, өз күштерімен. Ал құлындар енді батқан күнде өліп жатыр", - дейді Аққыстау ауылының тұрғыны Талғат Тастамбеков.
Атырау облысында су іздеген ірі қара батпаққа батып өліп жатыр

Атырау облысында су іздеген ірі қара батпаққа батып өліп жатыр

Каналдарға су жіберіп, оның бар құжатын қаттап ұстап отырған жауапты "Төменгі Жайық" өндірістік учаскесіндегілер бәленің бәрі тұрғындардың өзінде дейді. Себебі, су тұрғындардың қолындағы мал басына байланысты берілетін көрінеді. Бірақ халық ақшаны аз төлеу мақсатында ірі қара санын құжаттарда кемітіп көрсетеді екен.

"Бұл кісілердің берген мал саны бойынша суды беріп бітірдік. Жетпейді неге? Себебі, малдың санын дұрыс бермейді. Мысалы, Исатай ауданында қазір статта қазір 13 000 жылқы болатын болса, шындығында 20 000 үстінде жылқы бар. Сиыры да солай, малдың санын жасырмаса, малдың санын берсін, сонда су беріледі", - дейді "Төменгі Жайық" өндірістік учаскесінің басшысы Бейбіт Бисалиев.
Сіздің реакцияңыз
6
1
2
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel