RU
Атырау облысында әбден ескірген емхананың сиқы тұрғындарды шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында әбден ескірген емхананың сиқы тұрғындарды шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласынан 300 шақырым, аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Сағыз ауылындағы аурухана оңтайландырылып, амбулаторияға айналдырылғанына бірнеше жыл өткен. Алайда емхана ғимараты әбден ескірген, инвиантарлық заттар жаңартуды күтсе, зертханалық құрал-жабдықтардың да тозығы шығып тұр деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Амбулаторияның аға дәрігері Исламжан Қосжанның сөзінше, 15 күндізгі керует болғанымен ғимараттың жайсыздығынан адамдар ем алғысы келмейді екен.

"Сағыздың 8 мыңдай халқымен бірге 25 шақырымдағы Шолақсай, Былқылдақты елді мекендері, 45 және 110 шақырымдағы Кенбай, Қоңыраулы ауылдарының тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсету біздің міндетімізге кіреді. Тұрғындар арасында қан қысымы, жүрек аурулары жиі кездеседі, соңғы кезде қант диабеті сырқаты көбейіп кетіп тұр. Біз айына бір рет болса да ауылдарды аралап тұруымыз керек, егер жедел шақыртулар түссе, тез жетуіміз керек. Алайда бұл мүмкін емес, себебі дәрігерлер жетіспейді", - деген дәрігер бұл ауылда кадр тұрақтамайтынын айтады
Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Гинеколог пен жалпы дәрігер жүктілікке байланысты демалысқа кетсе, ал бір әріптесіміз зейнеткерлікке кетті. Кадр тұрақтамай тұр, жұмыстың қиындығына төзбей кетіп қалады. Себебі шалғай ауылдарға бару немесе үзіліссіз жұмыс істеуден қашады. Үкімет барынша жағдайлар жасап жатыр, жаңа баспана берді", - дейді амбулаторияның аға дәрігері.
Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Дәрігердің айтуынша, жаңа амбулатория салуға сметалық құжаттар жасалып жатыр, алайда құрылыс жүргізу қашан жүзеге асатыны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel