Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тозақ әйел" атанған Сирияның бірінші ханымы қатерлі ісікке шалдықты

Опубликовано:

Сирия президенті Башар Асадтың жұбайы сүт безінің қатерлі ісігіне шалдықты. 42 жастағы Асма ел астанасының алдыңғы қатарлы ауруханаларының бірінде химиотерапия курсын өтіп жатыр деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

Башар Асадтың әйелі Асма Дамасктің алдыңғы қатырлы емханаларында жатыр. 42 жастағы бірінші ханымда сүт безінің қатерлі ісігі анықталды.

Президенттің ресми баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қатерлі ісіктің бастапқы кезеңдерінде анықталуы бірінші ханымның айығып кетуіне үлкен мүмкіндік береді.

Оған қоса, желіге әйелін химиотерапия кезінде қолдауға келген Башар Асадтың суреті де жүктелген. Ерлі-зайыптылар емнің жақсы нәтиже береріне үміті зор екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746564-tozak-jel-atangan-siriany-birinsi-hanymy-katerli-isikke-saldykty/

pixel