RU
Атыраулық мамандар өңірде СПИД ауруының көбейгенін айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық мамандар өңірде СПИД ауруының көбейгенін айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның батыс бөлігі ЖИТС-тің (СПИД) аз таралған аумағына жатаса да, соңғы жылдары қауіпті ауруды жұқтырғандардың аны күрт өскені байқалған деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: krov.expert

Көрнекі фото: krov.expert

Өткен жылы облыста вирус жұқтырған 11 науқас тіркелсе, биылғы 6 айда 17 ауру тіркелген. Қазіргі кезде облыста 15-49 жас аралығындағы 179 адам ЖИТС орталығының бақылауында, кесел барлық жағдайда науқастарға жыныстық қатынас арқылы жұққан.

"Облыс әкімдігінде болған координациялық кеңесте әрбір оқу орындарына АИТВ-ның алдын алуға қарсы сағат бөлуді сұрадық. Бұл мәселе бұрындары көтерілгенде ата-аналар қарсы болған еді. Бірақ қазір қыздар 15 жасынан жүкті болып жатыр. Дерттің алдын алатын уақыт жетті", - дейді ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының директоры Нұрғабыл Айтмұғамтеова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel