RU
Шенеуніктер Алматы облысында зорланған қыздың үйіне неліктен барғанын түсіндіріп берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шенеуніктер Алматы облысында зорланған қыздың үйіне неліктен барғанын түсіндіріп берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Қарасай ауданында зорланған кішкентай қыздардың оқиғасы қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Қоғам белсенділері қыздың басынан өткен жайтты аудандық білім бөліміндегілер жасырып қалмақ болған деген мәлімдеме жасады. Алайда елді шулатқан жайтқа қатысты аталған құзырлы орган басшысы жауап беріп, білім бөлімі қызметкерлерінің ондай ойы болмағанын жеткізді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шенеуніктер Алматы облысында зорланған қыздың үйіне неліктен барғанын түсіндіріп берді (видео)

Кадр 31 арнадан алынды
Source: UGC

Қарасай ауданында болған зорлау оқиғасынан 6 жастағы қыз да зардап шеккен. Отбасы жалдаған адвокаттың айтуынша, полиция қызметкерлері қажетті медициналық сараптаманы тек қыздың туыстарының талап етуі бойынша ғана жасай бастаған.

Аудандық білім беру басқармасының қызметкерлері зардап шеккен қыздың отбасымен тілдескенін айтып отыр.

Ведомство басшысының қызметін атқарушы қызметкерлердің зардап шеккен қыздың үйіне барғанын жасырмады. Оның сөзіне сенсек, олар екі жақты татуластыру үшін емес, баланың жағдайын білу үшін барған.

Еске салсақ, бұған дейін танымал адвокат Айман Омарованың айтуынша, зардап шеккен қыздың үйіне түнде әлдебір адамдар келіп, қылмыскерді кешіруін сұраған.

"Шамамен он адам зардап шеккен қыздың үйіне шамамен түскі 15:00-де келген. Оларды үйге кіргізбей қойған. Соған қарамастан, олар түнгі 22:00-де қайта келген", - дейді Омарова.

Еске салсақ, осы айда Қарасай ауданынан үш қыздың туыстары зорлау дерегі бойынша ІІМ-не шағым түсірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel