RU
Денистің өліміне қатты қайғырған Ягудин оның рухына арналған бағдарлама түсірді (видео)
Жаңалықтар Спорт

Денистің өліміне қатты қайғырған Ягудин оның рухына арналған бағдарлама түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Матч ТВ" арнасында Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің рухына арналған "Тает лед" атты бағдарлама шықты. Жастай өмірден өткен дарынды спортшы туралы арнайы жоба Алексей Ягудиннің бастамасымен түсірілген деп жазады NUR.KZ.

Фото: 5-tv.ru

Фото: 5-tv.ru

Күллі әлемді дүрсілкіндірген өлімді ресейлік спортшы Алексей Ягудин ерекше қасіретпен қабылдаған. Ол өз бауырындай санаған Денистің қазасын естігенде көз жасын тоқтата алмады.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнап түсірген бағдарламасы 8 тамыз күні "Матч ТВ" арнасында көрсетілді. Денис Тен 16 жасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы болды.

«Тает лед» атты арнайы бағдарламасында Денис Тенмен таныс болып, жақын араласқан достарын, бапкерлері және танымал мәнерлеп сырғанаушылар сұхбат беріп, спортшы туралы ойларын жеткізген.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Олардың арасында Санжар Мәди, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Тараньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, Денистің бірінші бапкері Елена Водорезова және Тенмен 6 жыл бойы жұмыс істеген әйгілі Татьяна Тарасова бой көрсетті.

Жұлдызды тұлғалармен сұхбатты Алексей Ягудиннің өзі жүргізген.

Әйгілі спортшының рухына арналған жобаның түсірілімі Алматы, Сочи және Мәскеуде болып өтті.

Айта кетейік, болашағынан үміт күттірген жас спортшы көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel