Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтан былғары күрткесін сыйға беруді сұраған қыз жұртты таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

NUR.KZ оқырманы басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті. Келіншек 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтан былғары күрткесін сыйға тартуды сұрағанын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото medioq.com, vorteleather.com.ua
Коллаж NUR.KZ. Фото medioq.com, vorteleather.com.ua: UGC
"Жас кезімде ел басшысына былғары күртке сұрап арнайы хат жазғаным есімде. Ол кездері көпшіліктің қолы жетпейтін күрткені алғысы келген ерке-тотай студент қыздың ісі ғой. 1991 жыл, ел азық-түлікті арнайы түбіртек арқылы алып жүрген кез еді.
Бұл оқиғаны неге қазір айтып отыр дейтін шығарсыздар? Қарапайым қазақ қызына жауап берген ұлыбританиялық патшайымның оқиғасын оқып, өз басымнан өткен жағдай да есіме түсіп кетті. Менің жазған хатым тіпті президентке дейін жетпеді. Алған жауабымды әлі күнге дейін сақтап жүрмін", - деп айтты келіншек.
Комитеттің жауабы. Фото: NUR.KZ оқырманы
Комитеттің жауабы. Фото: NUR.KZ оқырманы: UGC

Целлиноградта тұрған бойжеткеннің президент әкімшілігіне жолдаған хатына ұлттық депутаттар қалалық кеңесінің атқарушы комитеті мынадай жауап қайтарған:

"Қалалық атқарушы комитет сіздің Қазақстан президентіне жолдаған хатыңызды қарап шығып, № 13/648 шешімі бойынша мынаны хабарлайды: Былғарыдан жасалған киім-кешектер арнайы өндіріс орындарында іске асады.
1991 жылдың мамыр мен желтоқсан айларындағы аралықта былғарыдан жасалған киімдер таралымға түспегендіктен, өкінішке орай сіздің өтінішіңізді орындауға мүмкіндік болмай тұр", - деп мәлімдеген төраға орынбасары А.А. Шәкіров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746590-nazarbaevtan-bylgary-krtkesin-syjga-berudi-sragan-kyz-zrtty-tagaldyrdy-foto/

pixel