Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 мың теңгесін аяды: Салтанат Бақаеваға хит ән сыйлаған автор әншіге қатысты өз шындығын айтты

Опубликовано:

Танымал әнші Салтанат Бақаеваның басы дауға қалды. Керекулік жас ақын оның орындауындағы "Әгугай, құрбым" деп аталатын әніне қатысты мәлімдеме жасап, Салтанат аталған әннің сөзі үшін ешқандай ақы төлемегенін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Салтанат Бақаеваның "әрекеті" туралы айтқан керекулік ақын қыз елге жанайқайын жеткізді (видео)
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбек өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

"Инстаграмдағы директіге жазған керекулік Назерке Семей есімді сіңілімнің бозторғайша шырылдаған хатын оқып, жаман күйде отырмын. "Бибі әпке, сіздің көмегіңіз керек. Мен бүгінгі таңда қызды ұзатар алдында айтылып жүрген "Әгугәй" әнінің авторымын. Жас ақынмын. Қанатым қайырылып, жүрегім қан жылап жүр. Сізден көмек сұрап отырмын" деп жазыпты.

О, тоба! Бұл әнді мен былтыр алғаш рет естігенімде, қатты ғашық болып, жүз қайтара тыңдаған әнім емес пе? Сыңғырлаған үн жүрегімді елжіретіп жіберген болатын. Әнді кім орындайды екен деп, тезірек гуглдан іздеп, ютубтан бейнеклипін көрдім де: "Бақаевадан әлгі дауыс әдемірек естіледі екен. Неткен сыңғырлаған үн" деп қоямын іштей тамсанып. Хат иесіне дереу телефон нөмірімді жаздым.

Екеуміз телефон арқылы ұзақ сөйлестік. Күрсінген дауысынан - қобалжығандық, көмейінде - өксік тұрғандай болып сезілді. "Неге мені пайдаланады жұрт? Олар сонда мен арқылы нанын тауып жеп жүр ғой. Олар менің дауысымды барлық тойларда пайдалануда. Аңғал халық сол пайдакүнемдерге сеніп, фонограммасы үшін ақша төлеп отыр. Керек десеңіз Бибігүл әпке, әнші Салтанат Бақаева бұл ән үшін бір тиын да төлемеді. Жарайды, жас ақынмын ғой деп қолымды бір сілтедім.

Одан кейін Салтанат тағы шықты маған. "Қыз ұзатуда ішке кіргізерде бір ән жазып жатыр едім, өлең жазып бересің бе?" дегеннен кейін, өлеңнің тақырыбын "Әдемі-ай" деп қойдым да, жібердім. Содан кейін оған: "Салтанат, кешіріңіз, маған 50 мың теңге төлесеңіз" дей берген едім, әлгі жерде ол ашуланып: "Ондай ақша менде жоқ! Берсем - 20 мың теңге!" дейді. Артынша басқа ақынды тауып, менің өлеңімнің атына дейін алып, шығарып жіберді. Жүрегім қан жылады. Сол күнгі күнім жылаумен өтті..." дегенде, Назеркеге қатты жаным ашып кетті", - деп жазған журналист.

Бұл жазбасымен бірге ол керекулік ақын қыздың видеосын да желіге жүктеген.

Бибігүл Дәулетбектің жазбасы қызу талқыға түсіп, желі қолданушыларының өзара пікірталасына ұласты.

Олар ақын қызға 50 мыңын беруге "қимаған" Салтанат Бақаеваға шүйлікті.

"Неге сотқа шағымданбайсыз? Телевидениеге шығып айтыңыз. Адал еңбегіңізді қайтарып алыңыз!", "50 мың бермей, осы әннің арқасында неше 50 мың тауып отыр Салтанат", "Ұят-ай. Не деген көргенсіздік мынау деген. Біреудің еңбегін бағаламау деген масқара ғой, сен сияқты әнші үшін. Тіпті 50 мың деген сумманың өзі күлкілі", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746591-50-my-tegesin-aady-saltanat-bakaevaga-hit-n-syjlagan-avtor-nsige-katysty-z-syndygyn-ajtty/

pixel