Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиырдың да құқы бар: Жағажайда нудистердің мазасын алған сиырларды билік жақтап шықты

Опубликовано:

Швецияда нудистер жағажайда мазасын алған сиырлардың үстінен полицияға шағым түсірді. Алайда билік өкілдері сиырлардың әрекетін оң деп тауып, жануарларды жақтап шыққан. Бұл туралы NUR.KZ порталы inshe.tv сайтына сілтеме жасап жазады.

Сиыр. Фото: inshe.tv
Сиыр. Фото: inshe.tv: UGC

Смоландтағы жағажайда көңіл көтеріп жүрген нудистер сиырлармен жағажайды бөлісуге мәжбүр болуда. Себебі, билік сиырлардың жағажайда олар қатарлы демалуына толық құқы бар деген тоқтамға келген.

Мұндай шешімді мәдениет және демалыс муниципалитетінің қызметкерлері қабылдады.

Олардың айтуынша, сиырлар күннің ыстығында жағажайдан пана табу арқылы шөлін қандырады. Одан бөлек шенеуніктер жағажайда сиырларсыз-ақ жабайы тіршілік иелері барын алға тартып, сиырлардың оларды тек толықтырып жүргенін айтуда.

Десе де нудистердің сиырлардан аллергияға шалдығып жатқаны байқалатын болса, билік өкілдері шара қолдануға әзір.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1746604-siyrdy-da-kky-bar-zagazajda-nudisterdi-mazasyn-algan-siyrlardy-bilik-zaktap-sykty/

pixel