Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аттап басушы болмаңдар": Ақтөбеде қоқыс полигонынан нан тауып жүрген келіншекті қуып шыққан

Опубликовано:

NUR.KZ порталына осыған дейін қиын тұрмысын баяндап берген ақтөбелік келіншек Света Чекризованы отбасымен қоқыс алаңына кіргізбей тастаған. Айтуынша, полигондағы жағдайды журналистерге жайып салғаны үшін оны жолатпай отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Света Чекризова
Света Чекризова: UGC
"Мұнда айқай болып жатыр. Полигонның қожайыны хабарласып "полигонды аттап басушы болмаңдар, сендерді көрмейтін болайын" деді. Енді біздерді полигонға кіргізбейді. Біз жолдасым екеуміз сол жерде бес жылдан бері жұмыс істеп келдік. "Баламмен бірге полигонда жұмыс істеймін дегенсің, жоламаңдар" деп отыр. Жұмыссыз қалған соң пәтер ақысын қалай төлерімізді білмей отырмыз. Енді нан таба алмай қалдық. Балаларымызды қалай асыраймыз", - дейді жыларман болған келіншек.

Ал полигонға иелік ететін мекеме басшылары келіншекті танымайтындарын, ондай адам жұмыс істемейтінін алға тартты.

"Ондай адам бізде жұмыс істемейді. Тізімді қарап отырмын. Полигонның бізге қарайтыны рас. Бірақ ол толық қоршалмаған. Ол жерде жүрген әлеуметтік жағдайы қиын адамдардың есебі жоқ. 63 гектар жерді күзетші қамти алмайды. Қаншама адам металл жинауға келеді. Ондағы адамдар әртүрлі жолмен нан тауып жүр", - дейді "Табыс-Ақтөбе" мекемесі директорының орынбасары Александр Лисицкий.

Айта кетейік, NUR.KZ тілшісі қоқыс арасынан отбасымен бөтелке теріп жүрген келіншектің өмірі туралы полигонға арнайы барып репортаж жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746610-attap-basusy-bolmadar-aktbede-kokys-poligonynan-nan-tauyp-zrgen-kelinsekti-kuyp-sykkan/

pixel