RU
Алматыда шетелдік қонақтарға интимдік қызмет көрсететін қыздар туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда шетелдік қонақтарға интимдік қызмет көрсететін қыздар туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Отандық блогер Кәкім Данабаев Алматыдағы кәріс жігіттеріне қызмет көрсететін қазақ қыздары туралы айтты. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея елінен келген бизнес серіктестер арнайы караоке-барларға барып, жергілікті қыздармен көңіл көтереді деп жазады NUR.KZ.

Алматыда шетелдік қонақтарға интимдік қызмет көрсететін қыздар туралы не білеміз?

Көрнекі фото: Vesti-ua.net

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

"Алматыдағы корей притоны туралы не білесіздер? Оңтүстік Астанадағы кейбір караоке-барларға Оңтүстік Кореядан келген қонақтар жұмыстан кейін демалады. Олар онда достарымен, бизнес серіктестерімен немесе жай ғана әріптестерімен барып, көңіл көтереді.

Мұндай көңіл көтеру кезінде олармен бірге отырып, уақытын қызықты өткізуге көмектесетін қыздарды ұсынады. Ол қызмет көрсетумен көбінесе университет студенттері айналысады. Олар ақша табудың жеңіл жолын тауып алған.

Уақыт өте келе, клиенттердің тілегі бойынша олар ары қарай интимді қызмет көрсетуі мүмкін. Менің кәріс таныстарымның бірі іссапар кезінде осындай қызмет түрін пайдаланып көріпті. Жалпы кәрістерге біздің қыздар ұнайды. Олар іссапар кезіндегі осындай "қызықтарды" сағынышпен еске алып отырады", - деп жазған автор.

Оның айтуынша, жергілікті полицейлер мұндай орындарды тексерсе, артық болмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
1
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel