RU
19 жастағы жігіттің өлімі: Тағы бір бұрынғы полицей Өскемен әкіміне қатысты өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

19 жастағы жігіттің өлімі: Тағы бір бұрынғы полицей Өскемен әкіміне қатысты өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 19 жастағы Евгений Смольниковтың қағып өлтірген әкімдерге қатысты тағы да шу шықты. Сол түні әдеттегідей кезекшілікке түскен экс-полицей Сымбат Қайратов қайғылы оқиға орын алған түні, көлікте Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев та болды дейді. Ол аздай шенеуніктен ішімдіктің иісі аңқып тұрыпты. Бұл туралы Атамекенге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Қайғылы оқиғадан кейін жұмысынан қуылып тынған Сымбат Қайратов жол-көлік оқиғасы орын алған түнді былай деп еске алады.

"Сол түні көлік жүргізген Өскемен әкімі біздің тоқтаңыз деген өтінішімізге құлақ аспады. Ол жол бойында үлкен жылдамдықпен жүрді. Ал, тоқтатып, құжаттарын сұрағанымызда, оның ішімдік ішкенін байқадық. Сосын оқиға орнына Риддер қаласы ІІД басшысының орынбасары подполковник Жаркенов келді. Ол әкімді өз көлігіне әкетіп, олар сол жерде өзара әңгімелісті. Біраз уақыт өткеннен кейін, бізді жұмысқа шақырып, "жол көлік оқиғасы орын алған сәтте көлікте тек Риддер қаласының әкімі Бауыржан Құрманбаев қана болды деп айтасыңдар" деген тапсырма берілді", - дейді бұрынғы тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ, сол түні бейнебақылау камерасына түскен видеожазба да экс-полицейден тартып алыныпты.

Ал, ШҚО ІІД өкілдері болса, оқиға орын алған түні кезекшілікте болған полицейлер тәртіптік заң бұзушылықтар үшін, жұмыстан шығарылды деп салды.

"Қызметтік тексеру жүргізілді. Іс ІІД тәртіптік комиссиясында қаралды. Қызметтік тәртіпті өрескел түрде бұзғандықтары үшін полицейлер жұмыстан шығарылды", - деп қысқа қайырды ведомстводағылар.

Өкініштісі, жол-көлік оқиғасына қатысы бар Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев күні бүгінге дейін өз қызметінде отыр. Ал, өрімдей жас жігітті қағып өлтірген Бауыржан Құрманбаев болса, бар-жоғы бір жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel