RU
Уильям ханзадаға "сәлем салған" Тереза Мэй күлкіге қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Уильям ханзадаға "сәлем салған" Тереза Мэй күлкіге қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Уильям ханзадаға ерекше "сәлем салған" Ұлыбритания премьер-министрі күлкіге қалды. Көпшілік Тереза Мэйдің иіліп сәлемдесуін қызу талқыға түсірген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Амьен түбіндегі шайқастың жүз жылдығына орай ұымдастырылған шараның барысында ханзадаға сәлемдескен Тереза Мэй ыңғайсыз жағдайға қалды. Біріккен корольдік премьер-министрінің ерекше сәлемін бірден суретке түсіріп алған фотографтар оны желіге таратып жіберген.

Саясаткердің "сәлем салуының" ең сәтсіз шыққан суреттері оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Куәгерлердің айтуынша, тіпті Уильям ханзада Тереза Мэйдің сәлемдесуіне күлкісін әрең ұстап тұрған.

"Тереза Мэйдің спорттық қабілетіне тәнті болдым. Одан 41 жас кіші болсам да, мұндай жаттығуға тәуекел жасамас едім", — дейді желі пайдаланушыларының бірі.

​Мэй бұдан бұрын королева Елизавета ІІ және Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның алдында "тізе бүгіп" сәлемдесіп, жұртты таңғалдырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel