RU
Гомосектер ұрпағы: Оңтүстік халқына "тіл тигізген" директордың басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Гомосектер ұрпағы: Оңтүстік халқына "тіл тигізген" директордың басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

«Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкиннің Facebook әлеуметтік желісінде жазған пікірі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Ол өз жазбасында гомосексуализм оңтүстік халқының генінде бұрыннан бар екенін жазған деп хабарлайды SN басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның бұл жазбасы Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы зорланды деген 7 жасар баланың оқиғасына қатысты жазылған.

Баланы зорлады деп айыпталған үш жеткіншектің жауапкершіліктен босағаны туралы ақпарат тараған соң әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді іздей бастаған еді.

Желідегі белсенділер балалардың мұндай азғындыққа баруына не себеп болғанын жарыса жазып жатты.

Осы орайда, Facebook әлеуметтік желісінде Kondrat Arcanov есімді желі қолданушысы елге: «жемқорлық пен рушылдықтың өршуі түсінікті, бірақ ол жақтағы жастардың арасында гомосексуализмнің осыншама өршуіне не себеп?» деген сауал тастаған.

Оның бұл сауалына «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкин жауап беріп, гомосексуализмнің генге байланысты екенін айтып қалған.

«Бұл генге байланысты. 19-ғасырда Қазақстанда болған саяхатшылардың жазбаларында жергілікті тұрғындардың малмен жыныстық қатынасқа түсетіні және гомосексуалдық қатынастары туралы көп айтылған», - дейді Горожанкин.
Гомосек

Гомосек

Горожанкиннің дәл осы пікірі желі қолданушыларының ашуын туғызды. Әсіресе оңтүстікқазақстандықтар Горожанкиннің үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазамыз деп бекініп отыр. Оны ұлтаралық жанжал туғызды деп айыптауда.

«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов болса, «бұл Константиннің жеке пікірі, біздің компанияның ұстанымы емес» деп ақталғандай болды.

Ол өзінің Facebook-парақшасында бұл атышулы мәлімдемеге қатысты өз пікірін білдіре кеткен.

«Ардақты ағайындар, Константин Горожанкиннің пікірі оның жеке көзқарасы, бұл – Qazcontent компаниясының ұстанымын білдірмейді.
Қазіргі уақытта бүкіл мән-жай анықталуда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай әрекет жасайтын боламыз», - деп жазды Кочетов.

Бұл мәселеге қатысты заңгер Руслан Түсіпбеков де пікірін білдірді. Оның айтуынша, «Қазконтент» компаниясы мемлекеттің ақшасына «күн көріп», мемлекеттік идеологиямен айналысып отырғандықтан, өз қызметкерлерінің әрекетіне жауап беруі тиіс деп есептейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
8
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel