RU
Ақтөбеде ұры жолаушыны қорғамақ болған автобус жүргізушісін пышақтап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде ұры жолаушыны қорғамақ болған автобус жүргізушісін пышақтап кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жолаушыны қалта ұрысынан қорғаған №24-ші автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алған. Бұл туралы "Автопарк" мекемесінің директоры айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: news.mspravka.info

Көрнекі фото: news.mspravka.info

"Біздің бір жүргізушіні жақында пышақтап кетті. Ол жолаушыға көмектеспек болған. Автобус ішінде ұрлық жасайтындардың бірі жолаушының сөмкесіне түскен. Байқап қалған жолаушы оны қолынан ұстап қалады. Қалтаға түсуші сол жерде жолаушыға күш көрсетіп, қорқытқан. Оны көріп қалған жүргізуші қалта ұрысын бірден автобустан түсіреді. "Полиция шақырамын" дегенде ол адам жүргізушінің іші мен қолына пышақ тығып қашып кеткен. Бірақ полицейлер жүргізушіні жарақаттап кеткен адамды ертеңіне ұстады", - дейді "Автопарк" ЖШС-нің директоры Ақарыс Тілеулесов.

Автобус паркінің басшылары Ақтөбеде жолаушыны 55 теңге үшін далаға сүйреп шығарып тепкен жүргізуші осыған дейін тәртіп бұзбағанын айтты.

"Кеше орын алған жағдайға байланысты қазіргі уақытта ішкі тексерістер жүріп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты біз ештеңе айта алмаймыз. Төбелес жасаған жүргізушіні жұмыс кезінде құқық қорғау қызметкерлері алып кетті. Ол адам мекемеде алты жылдан аса еңбек еткен. Отбасы бар, 30 жастағы жігіт. Осыған дейін оның үстінен шағым болған емес. Оның ағасы да бізде жұмыс істеді. Полиция оның кінәлі екенін анықтаса жүргізушіні жұмыстан шығарамыз. Ал орын алған келеңсіздік үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", - дейді Ақарыс Тілеулесов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel