RU
Назарбаевты түсінде көрген келіншек ұлына президенттің атын қойып, баспана сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаевты түсінде көрген келіншек ұлына президенттің атын қойып, баспана сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Алматылық жас отбасы Ернар Назарбаев пен Ахметжанова Анар дүниеге келген сәбилерінің есімін Нұрсұлтан деп қойған. Енді кішкентай Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау көрсетілсе деп үміттеніп отыр. Олар бұл өтінішін NUR.KZ порталының редакциясына арнайы келіп айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ернар Назарбаев мен Анар Ахметжанова Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумалары. 2017 жылы шаңырақ көтерген отбасы қазір Алматы қаласында тұрады. Олар 6 мамырда дүниеге келген ұлдарына Нұрсұлтан есімін берген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бала дүниеге келгенде Елбасының есімін қоюды барлық туған-туыстары да қолдаған көрінеді.

"Мен Нұрсұлтанға жүкті болып жүргенде түсімде Елбасын көретінмін. Сол кезде маған енем "Есімін Нұрсұлтан деп қояйық, мүмкін Алланың бұйыртып тұрғаны шығар" деп айтатын. Кең маңдайлы ұлымның салмағы төрт келі болып дүниеге келді", - дейді Анар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы баланың аты-жөніне ешкім сенбейтінін айтты. Тіпті, ауруханада, өзге мекемелерде кезекте тұрғанда есімі аталса, өзгелер қалжыңдап жатыр деп ойлайтын көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ернар мен Анар келесі жолы дүниеге қыз келсе, есімін Дариға деп қоюы мүмкін екендігін де айтты.

"Біз ұлымызға Нұрсұлтан атамызға ұқсасын деп осы есімді бердік. Енді Елбасыдай азаматтың атын алып жүруге лайықты етіп өсіреміз. Солай тәрбиелейміз. Қазақстанның мықты азаматтарының бірі боларына сенеміз", - дейді олар.

Бүгінде жас отбасы анасы, қарындасымен бірге Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданында бір бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Ернар қарапайым құрылыс саласында жұмыс істесе, Анар мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Қазір жас ана декреттік демалыста екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ернар мен Анар ұлдарының есімін Нұрсұлтан деп атағаны үшін мемлекеттік бағдарламалардан бір жеңілдіктер қарастырылса немесе басқа да қолдаулар болса деп тілейді екен. Пәтер ақысын төлеуге қиналып жүрген отбасы бұл істерін елеп-ескеретін адамдар болса деп үміттенеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасына қолдау көрсетемін деушілер болса, Ернар мен Анардың 8707 727 16 18, 8707 727 15 18 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Сіздің реакцияңыз
58
2
9
0
3
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel