RU
Динара Сатжан мен Әсет Исекешев "Өлкетану" кітабына енбей қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Динара Сатжан мен Әсет Исекешев "Өлкетану" кітабына енбей қалды

Рассказать Вконтакте

"Рухани жаңғыру" аясында жазылған "Өлкетану" кітабына Динара Сатжан мен Әсет Исекешевтің енуі ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған "Алматыкітап" баспасын танымал блогерлердің оқулықтың соңғы нұсқасынан алынып тасталғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бұл туралы Әйгерім Таубай есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында хабарлады.

5-7-сыныптарға арналған оқулықтың құрылымы ел арасында шу тудырып, көптің көңілінен шықпай қалған болатын.

Көпшілік оқулыққа Динара Сатжан мен Әсет Исекешевтің енгеніне өз наразылығын білдірді. Осыған орай, кітапты басып шығарған "Алматыкітап" баспасы оқиға жайлы мәлімдеме жасады.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

"Талқыға түскен оқулықтың жобасына блогерлер туралы мәліметті расында да авторлар ұжымы алғашында «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған. Публицистиканың бір элементі ретінде қазіргі танымал блогерлерді көрсеткен авторлық ұжымның жобасы, алайда, оқулықтың соңғы нұсқасына кірген жоқ.
«Өлкетану» оқулықтары бойынша шілде айында өткен мемлекеттік сараптамада мамандардың ұсынысымен оқулықтан блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған.
Оқулықтарды басылымға дайындау жұмысы алдағы қыркүйек айында мәресіне жетеді деп жоспарлап отырмыз", - деп айтты баспахана өкілдері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel