RU
Ақтөбедегі "Төрт ағайынды" мүшелерінен люкс санаттағы қымбат көліктер тәркіленді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі "Төрт ағайынды" мүшелерінен люкс санаттағы қымбат көліктер тәркіленді

Рассказать Вконтакте

Жақында 3-12 жыл аралығында сотталып кеткен Ақтөбедегі «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасардың дүние-мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Timeskz.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбедегі "Төрт ағайынды" мүшелерінен люкс санаттағы қымбат көліктер тәркіленді

Архив фото: wrestdag.ru
Source: UGC

Үкімге сәйскем, «Төрт ағайынды» қылмыстық тобындағы транспорт түгелдей тәркіленген.

Еркін Ізбасардың анасының атына рәсімделген 2015 жылғы Toyota Sequoia көлігі мемлекет меншігіне өтті.

Оның сыбайласы әрі оң қолы саналған Аухат Қалиевтің 1400 доллары мен жарты миллион теңгеге жуық қаржысы алынды. Ноғаевтың люкс класты Mercedes-Benz GL 320 көлігі тәркіленді.

Сондай-ақ, тәркіленген дүниелердің ішінде 11 КамАз, жүк көлігі, 100 000 литрден аса дизель отыны мен 26 000 тонна шикізат мұнайы бар.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 20 жылдан аса қылмыс әлемін уысында ұстады деп айыпталған бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар 12 жылын темір тордың арғы жағында өткізетіні туралы сот шешімін хабарлаған болатынбыз.

"Мұнай және мұнай өнімдерін ұрлап шетел асырып сатты, кәсіпкерлерді қорқытып, бизнестерін тартып алды" деп айыпталған 26 адамнан құралған қылмыстық топтың барлық мүшелері де өздеріне тиесілі жазаны алған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel