RU
Ақтөбе облысында тұрғынды WhatsApp арқылы балағаттаған ауыл әкімі ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында тұрғынды WhatsApp арқылы балағаттаған ауыл әкімі ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында тұрғынды WhatsApp арқылы балағаттан ауыл әкімі ұятқа қалды. Шенеуніктің тәртіп бұзғаны туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚазАқпарат Агенттігі

Фото: ҚазАқпарат Агенттігі

Қарғалы ауданы Велихов ауылдық округінің әкімі Айнагүл Халиуллина ауыл тұрғынына ауыр сөздер айтып, ар-намысына тиген. Ол өз қызметіне сәйкес емес әрекеті үшін ескерту алды.

"Жалпы 10 іс қаралып, тоғыз мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды. Олардың бесеуі Әдеп заңын сақтамаса, төртеуі қызмет беделін түсіретін теріс қылық көрсеткен»,- деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста тұрғындармен, мемлекеттік қызметкерлермен дөрекі сөйлескен шенеуніктер Әдеп кеңесіне түсіп жатыр екен. Олардың біршамасы ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны үшін сөгіс те алыпты.

Фото: ҚазАқпарат Агенттігі

Фото: ҚазАқпарат Агенттігі

Ал мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы барысында 20 тексеріс жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 1551 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, осы аталған салаға құқық бұзушылықтарды жою туралы 11 ұсыныс енгізілді және 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деді Бисенов.

Жылдың алғашқы алты айында облыста 26 мемлекеттік қызметкерге тиісті шара қолданылған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel