RU
Алматылық бойжеткен бірден 17 жігітпен кездесіп жүргенін айтып, мақтанды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық бойжеткен бірден 17 жігітпен кездесіп жүргенін айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Алматыда 28 жастағы бойжеткен бірден 17 жігітпен көңіл жарастырғанын айтып, ағынан жарылды. Оның сүйіктілері арасында полицей, дәрігер, менеджер және өзге де маман иелері бар екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен. Көрнекі фото: avto.goodfon.ru

Бойжеткен. Көрнекі фото: avto.goodfon.ru

Заңгер мамандығын алған Гүлназ (есімі өзгертілген) бүгінде фитнес-клуб жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Сол жерден сегіз жігітпен танысқан ару олармен кездесе бастайды.

"Олармен төсектес емеспін. Көңіл көтеру үшін ғана кездесіп жүрмін. Олар аптаның әр күнінде клубқа келеді. Көптің көзінше құшақтасып тұруға ұялатындай кейіп танытамын. Осылайша сегіз жігітпен бір уақытта кездесіп жүргенімнен жігіттерім бейхабар. Десе де олар бәрін түсінеді деп ойлаймын", - дейді Гүлназ.

Тағы бес жігітпен өзге қалаларда кездесе бастаған бойжеткен олардан сыйлық алып тұратынын жасырмады.

"Әдейі басқа қаладағы жігітпен танысамын... Біреуімен көңіл жарастырғаныма төрт ай болды. Ол маған ұнайды. Айына бірнеше рет келіп кетеді. Қалған төрт жігітім Алматыға сирек келеді. Үшеуі сұраған сыйлығымды алып беріп, көмектесіп отырады. Ішім пысқан емес", - дейді ару.

Одан бөлек төрт жігіт Алматыда тұрады.

"Олармен демалыс күндерімді кезектесіп өткіземін. Киноға немесе мейрамханаға барамыз. Екеуі өзіме қатты ұнайды. Дегенмен сезімімді көрсетпеуге тырысамын. Себебі жігіттер сүйетініңді білсе, басына бастайды", - деп жалғастырды бойжеткен.

Ару жігіттері айтарлықтай бай еместігін алға тартты.

"Олар көп таппайды: бірі полицей, бірі менеджер, енді бірі риэлтор. Әр салада өз адамым бар. Олардың материалдық және моральдық көмегінің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмын", - дейді Гүлназ.

Бойжеткен 17 жігіттің тек үшеуімен төсектес екендігін айтуда.

"Бәрімен төсектес болып жүрген жоқпын. Бұл артық кеткендік болар еді. Жыныстық қатынасқа тек өзім ұнатқан жігіттермен түсемін... Бәлкім болашақта олардың бірін ғана таңдармын", - дейді Алматы тұрғыны.

Гүлназ 20 жасында төрт жыл бойы бір жігітке ғашық болып, ол азамат ақыр соңында жүрегін жаралағанын есіне алды. Содан бері жігіттердің сезіміне сенбейтін ару өмірінен барынша ләззат алып жүргенін алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
43
6
11
3
1
19
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel