RU
Жаңа антирекорд: Төл теңге күн өткен сайын құнсыздануда
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа антирекорд: Төл теңге күн өткен сайын құнсыздануда

Рассказать Вконтакте

Бейсенбі күні Қазақстанның ұлттық валютасы әлсіреп, 1 доллар құны 355 теңгеге дейін көтерілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңа антирекорд

Көрнекі фото: pixabay.com

KASE таңғы сессиясындағы сауда-саттық бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 353,53 теңгені құрады.

Кей айырбас пункттерінде шетелдік валюта 357 теңгеден сатылып, 352 теңгеге сатып алынып жатыр.

"5 теңге — бұл небәрі 1,5%, психологиялық жағынан ғана күрт өскендей көрінеді. Ұлттық банк рубльдің күрт құбылуын жуып-шаю үшін біртіндеп төмендеп келді", — деп жазды желі қолданушысы Бақтияр Кұланбаев.

Көрші Ресей елінде де бейсенбі күні рубль құнсызданды – доллар қымбаттап, 66 рубльге жеткен. Рубльдің әлсіреуі Ресейге қарсы жаңа АҚШ санкциялары туралы жаңалықтар аясында болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, теңге бағамының тұрақты болуына мұнай бағасы, негізгі сауда серіктестеріндегі валюта курсы, инфляция деңгейі, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel