Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Періштесі қақты: Адам шошырлық апаттардан аман қалғандар жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Көрер жарығы бар жандар, тіпті ең қорқынышты апаттардың өзінен тірі қалып жатады. NUR.KZ порталы ғажайыптың күшімен аман қалып, әлем жұртшылығын таң қалдырған тоғыз адамның оқиғасын назарға ұсынады.

Джулиана Кёпке

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Джулиана Кёпке - джунглиге құлаған LANSA ұшағында аман қалған жалғыз жолаушы. Қалған 91 жолаушы әуе апатынан мерт болған.

Ұшаққа найзағай тиіп, өрт туындайды. Ұшақ орманға құлағанда бойжеткен тоғыз күн бойы көмек күтіп жатқан. Түрлі жарақаттар алған әйелді орманшылар тауып алып, көмек береді. Оның оқиғасы «Чудеса ещё случаются» атты деректі фильміне арқау болды.

Нандо Паррадо

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Анд тауында құлаған ұшақ апаты кезінде адамдар тірі қалу үшін бір-бірін жеуге дейін барған. Бұл апаттан аман қалған Нандо Паррадо таудан 65 шақырым жаяу жүріп, оқиға орнына құтқарушыларды шақырады. Нәтижесінде ол өзге жолаушылардың да тірі қалуына көмектескен.

Стивен Каллахэн

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Стивен Каллахэн кішкентай қайықпен Атлант мұхитында апатқа ұшырайды. 76 күн құтқару матрасында мұхитта болған ер адам ағыспен Мари-Галант аралына жетеді. Қатты азып кеткен азаматты балықшылар тауып алып, құтқарған.

Джон Колтер

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

1808 жылы Колтер үндістерге құлдыққа тап болады. Үндістер оны тірі олжаға айналдырып, оған аңшылық жасау үшін босатып қоя береді. Барынша қашуға тырысқан азамат 300 шақырым жүгіріп, ізіне түскен бірнеше үндісті өлтіріп тастайды. Ол фортқа дейін аман жетіп, тірі қалған.

Дебора Кили

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

1982 жылы Дебора үш досымен қайық апатына ұшырайды. Салдарынан оның екі досын акулалар талап өлтірсе, ол бір досымен бірге аман қалған.

«Гремлин Спешиэл» жолаушылары

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

1945 жылы «Гремлин Спешиэл» атты АҚШ-тың әскери ұшағы тауда апатқа ұшырайды. Әуе апатынан тірі қалған үш жолаушы каннибалдар тайпасына құлдыққа түседі.

Олардың бақытына орай каннибалдар тек өз жауларын жейтін болып шықты. Нәтижесінде үшеуі де құтқарылған.

«Эссекс» кемесінің командасы

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Кит кемеге шабуылдап, кеме су астына кетеді. Кеменің жиырма адамы құтқару қайықтарында аман қалу үшін өз дәретін ішіп, тіпті бір-бірін жеуге кіріскен. 90 күн өткенде оларды өзге кеменің адамдары құтқарып қалады.

Хью Гласс

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Хью Гласқа сапар кезінде аю шабуылдайды. Оның жарақаты ауыр болғаны соншалық, экспедиция мүшелері оның қасына екі еріктіні қалдыруды ұйғарады. Екеуі Хьюдің өмірден кеткен сәтін күтіп, оны жерлеуі тиіс болатын.

Алайда үндістердің шабуылынан қорыққан екі ерікті қашып кетеді. Хью есін жиып, жергілікті адамдарға дейін өз аяғымен барады. Тұрғындар оның жарасын емдеп, аман алып қалған.

Бек Уизерс

Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru
Аман қалғандар. Фото: pure-t.ru: UGC

Бек Уизерс Эверестті бағындырамын деп 18 сағат бойы аязда қалады. Ақыры лагерьге жеткен ер адам қорқынышты күйге түскен. Ол аяздан екі қолынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1746702-peristesi-kakty-adam-sosyrlyk-apattardan-aman-kalgandar-zrtty-tayrkatty/

pixel