RU
Семейде көлік "ұтып алған" аңқау азамат оңбай алданып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде көлік "ұтып алған" аңқау азамат оңбай алданып қалды

Рассказать Вконтакте

Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-сі телефон алаяқтарының құрбаны болыпты. Бұл туралы AltayNews порталына сілтеме жасаған NUR.KZжазады.

Семейде көлік "ұтып алған" аңқау азамат оңбай алданып қалды

Көрнекі фото: Алтайньюс

Осы жақында Бөгембайұлы көшесінің 1985 жылы туған тұрғынына ұялы телефон мен «Лада-Гранта» автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ал ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек екені көрсетіліпті.

Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберген.

Полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
8
1
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel