RU
Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл: Бес облыста дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл: Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл: Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

Көрнекі фото: qamshy.kz

Қостанай облысында кей жерлерде ертең найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Түркістан облысында күндіз оңтүстік батыстан күші 15-20 м/с жел соғып, 41°С қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында 10-11 тамызда дауыл, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады. 10-12 тамызда Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 10 тамыз күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында ертең солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавл қаласында 10 тамызда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді, найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында ертең 30-35 градус ыстық болады, кей жерде найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel