RU
Ұлттық банк теңгенің құлдырауына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ұлттық банк теңгенің құлдырауына қатысты түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Тоғызыншы тамыз күні теңге бағамы әлсіреп, 354,06 теңге деңгейінде тұрақтады. Бұл жайтқа қатысты Ұлттық банктің баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Доллар. Көрнекі фото: Pixabay

Доллар. Көрнекі фото: Pixabay

Баспасөз хабарламасында теңгенің құлдырауына рубльдің құнсыздануы әсер еткені сөз етілген.

Ресейлік рубль бір тәулікте 4,2 пайызға әлсіреген. Бұған АҚШ тарапынан кезекті санкциялар болады деген ақпараттың шығуы себеп болған.

Санкциялар туралы заң қабылданса, ол 2018 жылдың 22 тамызында күшіне енуі мүмкін. Бүгінде ұлттық бағамның тұрақталуы Ұлттық банктің қатысуынсыз жүзеге асырылуда.

Қазақстан Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдайды үздіксіз бақылап отыр және қажет болса интервенцияны (валюта басқыншылығын) жүзеге асырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel