RU
Ақшасын жұмсап тастаған семейлік қыз полицияға "тоналдым" деп арыз берген
Жаңалықтар Қоғам

Ақшасын жұмсап тастаған семейлік қыз полицияға "тоналдым" деп арыз берген

Рассказать Вконтакте

21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде жалған арыз түсірген. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

семемелй

Көрнекі фото: career.uconn.edu

Оның сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты.

Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықтаған.

Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойыпты.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қылмыстық кодекстің 419 бабы 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel