RU
"Күт мені": Анасының өлімін көтере алмаған футболшы өзіне қол жұмсады
Жаңалықтар Әлемде

"Күт мені": Анасының өлімін көтере алмаған футболшы өзіне қол жұмсады

Рассказать Вконтакте

Уэльстің Пембрук қаласында 24 жастағы футболшы Брендон Холдер анасының өлімінен кейін өзіне қол салды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Күт мені": Анасының өлімін көтере алмаған футболшы өзіне қол жұмсады

Көрнекі фото: Minval.az

Спортшының денесі өз үйінен табылған.

"Кармартен Старз" клубының ойыншысы өлерінің алдында Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырыпты.

Хатта Брендон туысқандары мен достарынан кешірім сұрап, анасымен тезірек кездескісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, анасымен бала кезінде бірге түскен суретін де жариялапты.

"Біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мені өзімшіл адам деп ойламаңыздар, өтінемін. Мен ең жақсы дос, ең жақсы ұл бола алмадым. Өте өкінішті, жақында бәріміз кездесеміз… Сенімен кездесуді тағатсыздана күтемін, анашым. Қош болыңдар, достар", — деп жазды футболшы.

Брендонның ағасы Джейми оның өте адал әрі қамқор іні болғанын айтты. Спортшының таныстары Брендонның көз жұмғанына әлі де сене алар емес.

Суыт хабардан кейін "Кармартен Старз" клубы алдағы екі матчын кейінге қалдырды.

"Брендонның өлімі баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Біз сондай керемет жігіт және талантты ойыншыдан айырылып қалдық", — деп жазды команда футболшылары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
4
21
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel