RU
Назарбаев Шымкенттен сенат депутаттарын сайлауды тағайындады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Шымкенттен сенат депутаттарын сайлауды тағайындады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласынан Парламент сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы қаулы шығарды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Yfpfh,ftd

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

1. 2018 жылғы 5 қазанға Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалсын.

2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шымкент қаласының әкімі Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel