RU
Әйгілі өзбек олигархы "Арсенал" клубындағы үлесін сататын болды
Жаңалықтар Әлемде

Әйгілі өзбек олигархы "Арсенал" клубындағы үлесін сататын болды

Рассказать Вконтакте

Ұлты өзбек ресейлік олигарх Әлішер Усманов ағылшынның "Арсенал" футбол клубындағы 30 пайыз үлесін сатуға келісім берді. Оны америкалық магнат Стэн Кронке сатып алады деп жазады Centralasian.org.

Әйгілі өзбек олигархы "Арсенал" клубындағы үлесін сататын болды

Әлішер Усманов. Фото: vspro.info

Кронке клубтың 67 пайызына иелік етеді. Бұған қоса ол америкалық Denver Nuggets баскетбол клубы мен Los Angeles Rams америкалық футбол клубына иелік етеді.

Кронкенің мәлімдеуінше, клуб қожалығы бір адамға көшкен жағдайда, оны басқару жақсарады.

Forbes мәліметі бойынша, 12,5 млрд доллар байлығы бар Усманов Ресейде бай кәсіпкерлердің ондығына кіреді. Ол "Арсенал" клубының акцияларын 10 жыл бойы ұстап келді.

2007 жылы ол клубтың 14,5 пайызын "Арсеналдың" бұрынғы вице-президенті Дэвид Дейннен сатып алды. Шамамен сол уақытта Кронке еуропалық активтерін өсіре бастаған.

2016 жылы Усманов тағы бір ірі акционер Фархад Моширидің акцияларын сатып алып, клубта көлемі жөнінен екінші акционерге айналды.

Бірақ Кронке болса Нина Брейсвелл-Смиттен құнды қағаздар сатып алып, "Арсеналдың" 65 пайызына иелік ете бастады. Соның негізінде ол клубты басқаруды өз қолына алды. Бұдан соң Усманов директорлар кеңесіне де кірмей қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel