RU
Оңтүстік халқына тіл тигізген сарапшы мемлекеттік компания құрамынан шығарылды
Жаңалықтар Қоғам

Оңтүстік халқына тіл тигізген сарапшы мемлекеттік компания құрамынан шығарылды

Рассказать Вконтакте

Желідегі жазбасы қызу талқыға түсіп, қоғам тарапынан наразылыққа тап болған Константин Горожанкин елден кешірім сұрады. "Гомосексуализм оңтүстік халқының генінде бар" деген мағынада ой қорытқан сарапшының басы дауға қалып, ол "Қазконтент" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметінен шеттетілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Горожанкиннің аталған мемлекеттік компаниядағы қызметінен шеттетілгені туралы "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

Оның аталған мәлімдемесін оқырманға толық ұсынамыз.

"Константин Горожанкиннің пікірі бойынша:
1. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Горожанкиннің пікірі бойынша ІІМ-не ресми xат жолданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабымен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) Алматы қаласының ІІД 8 тамыз күні СДТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2. Горожанкин Директорлар Кеңесіне тәуелсіз мүшелікке Қазақстандағы ІТ қауымдастық пен интернет-индустрияның беделді өкілі ретінде сайланған болатын.

3. Qazcontent АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін ақысыз атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, штатта болмады және жалақы алмады.

4. Осы уақыт аралығында оның жұмысына ескертулер болған жоқ. Алайда оның соңғы пікірі Qazcontent АҚ жұмысымен үйлеспейді, осыған байланысты ол Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды және бұдан былай Qazcontent АҚ Тәуелсіз директор емес", - деп жазды Кочетов.

Оңтүстік халқына тіл тигізген сарапшы мемлекеттік компания құрамынан шығарылды

Скриншот Facebook желісінен алынды

Айта кету керек, Горожанкиннің өзі де аталған жазбаға қатысты пікір білдіріп, біреудің көңіліне тиген болса, кешірім сұрайтынын жазған болатын.

"Әу бастан-ақ өзімнің қателескенімді білдім. Жазбаға екінші қырынан қарасам, шынымен де ойымды екіұшты етіп жазыппын. Сондықтан бұл жағдайға өзін кінәлімін. Мен өте өрескел қате жіберіп, өзімді өзі аяқтан шалдым. Менің жазбам көңіліме тиген болса, кешірім сұраймын. Біреуді ренжітейін деген ойым болған жоқ", - деген ол шын жүректен кешірім сұрайтынын жазды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel