RU
Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған баланың анасы жауапқа тартылмақ
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған баланың анасы жауапқа тартылмақ

Рассказать Вконтакте

Алматы облыстық ІІД мүгедек әйелдің басына йогурт төгіп, мазат еткен балалардың кім екенін аз уақыттың ішінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған баланың анасы жауапқа тартылмақ

Кадр видеодан алынды

Жарымжанды қорлаған балалардың бірі Қапшағай қаласының тұрғыны, екіншісі басқа жақтан келгені анықталған.

«Әйелді балағаттаған бала 10 жаста екен, ол 3-сыныпты бітірген. Отбасы толық емес. Жалғызбасты ана 3 баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының ешқайсысы кәмелеттік жасқа толмаған. Анасына қатысты ҚР ӘқбК 108-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Екінші бала басқа жақтан келген. Ол баланың отбасына да тура осындай әкімшілік хаттама толтырылатын болады», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Айта кету керек, Facebook желісінде таралып кеткен роликте 10 жастағы бала мүмкіндігі шектеулі әйелді балағаттап, үстіне су шашқан. Аталған ролик қоғамдастық тарапынан наразылыққа тап болып, қызу талқыға түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel