RU
Қарағандыда гүлзарларға пышақ қадап, елдің зәресін ұшырған 68 жастағы әжей ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда гүлзарларға пышақ қадап, елдің зәресін ұшырған 68 жастағы әжей ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды полицейлері қала гүлзарларына ондаған ас үй пышағын қадап жүрген 68 жастағы әжей екенін анықтады. Облыстық ІІД деректеріне сүйенсек, әжей осылайша аяғындағы дерттен құтылмақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандыда гүлзарларға пышақ қадап, елді шошытқан 68 жастағы әжей болып шықты

Фотоны Кристина Ссамсонова ұсынған

Қарағанды қаласының 68 жастағы тұрғыны кішігірім бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Зейнеткерді қоғамдық орындардағы гүлзарларға ас үй пышақтарын тығып, елді қорқытқаны үшін айыптап отыр. Облыстық ІІД мәліметінше, ол осылайша аяқ ауруын емдемек болған. Дерттен құтылудың айрықша тәсілін ол журналдан оқып-білген.

Зейнеткердің кім екенін анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларының жазбасын түгел зерттепті. Жазбалардан зейнеткердің пышақтарды алып, гүлзарларға қадап жатқанын кқруге болады.

Ұсталған зейнеткер екі ай бойы ауырған аяғын емдеу үшін осылай жасап келгенін айтты.

«Зейнеткер журналдан аяқты осылай емдеуге болатынын оқып алған. Ол мақсатты түрде гүлзарларға пышақ қадап, оның емдік қасиетіне сенген. Пышақтарды ол әр түрлі дүкендерден сатып алған. Қазір зейнеткерге "Кішігірім бұзақылық" бабы бойынша айып тағылып отыр", - деді ведомство өкілдері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
8
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel