RU
Ұлы Абай қолданған шкаф Қызылордадан табылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ұлы Абай қолданған шкаф Қызылордадан табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігер ретінде жоғары бағаланған шкаф Абай Құнанбаевқа тиесілі екені анықталды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Қазақпарат

Фото: Қазақпарат

Шкафты музейге А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров табыс еткен екен.

Бағалы жәдігер алғашқыда Құнанбайдың туысы Тұрған есімді кісіге берілген. Ол өзінің ауылына төркіндеп барғанда оған қазақтың ойшыл ақыны - Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту етеді.

Ал көне үй жиһазы Қызылорда өңіріне Тұрғанның Зере есімді қызының артынан келген. Яғни Зере бой жетіп, Сыр өңіріне келін болып түскенде осы шкаф жасауымен бірге келген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel