Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 жастағы қазақ қызы жетінші баласын дүниеге әкелмек (фото)

Опубликовано:

Байқоңыр тұрғыны Жанат Өтегенова 27 жасында алты баланың анасы атанып отыр. Келіншек жетінші баласына жүкті. Ол бақытты көпбалалы ана болудың құпиясымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды
Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды: UGC

Жанат 18 жасында тұрмысқа шыққан. Бойжеткен тұрмыс құрғанына қарамастан оқуын жалғастырып, Алматыда юриспуденция мамандығын меңгереді. Тұңғышын 19 жасында дүниеге әкелген Жанат өмірі өзгеріп сала бергенін жасырмайды.

Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды
Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды: UGC

"Ана болу - сөзбен жеткізу мүмкін емес ерекше бақыт. Тұңғышым дүниеге келгенде оның тәтті иісін сезгендегі жай-күйімді айтып жеткізе алмаймын... Алты баланың анасы атанып отырғаныма Аллаға шүкір деймін. Жетінші сәбиімді тағатсыздана күтіп отырмын", - дейді ол.

Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды
Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды: UGC

Жанаттың үлкен баласы сегізде, ал ең кішісі небәрі жеті айда.

"Менің бір ұлым, бес сүйкімді қызым бар. Есімдері де әдемі. Асылхан, Зере, Кәусар, Бибінұр, Аяна және Альфия. Олар арасында ауылдағы ата-әжесіне барып тұрады", - деп жалғастырды келіншек.

Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды
Бақытты отбасы. Фото отбасының жеке мұрағатынан алынды: UGC

Жанат түн ұйқысын төрт бөлсе де, ерекше бақытты екенін алға тартты.

"Аз ұйықтап, аз демаламын. Алайда бұл уақытша ғана. Шыдамды болсаң болғаны. Балалар тез өседі. Олардың қасынан табылу маңызды", - дейді ол.

Алтын Нығманның материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746783-27-zastagy-kazak-kyzy-zetinsi-balasyn-dniege-kelmek-foto/

pixel