RU
Атырауда көпірден секіріп өлмек болған бойжеткенді полицейлер мен тұрғындар құтқарып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда көпірден секіріп өлмек болған бойжеткенді полицейлер мен тұрғындар құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Атырауда полицейлер мен екі жүргінші Авангард пен Жилгородок арасындағы көпірден секірмек болған қыздың өз өзіне қол жұмсауына жол бермеді деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды
Source: UGC

Басылымының мәліметінше, операторлар алдымен Атырау ІІБ жедел басқару орталығындағы бақылау камераларынан көпір таянышына шығып алған қыздың өзгеше әрекетін байқайды.

"Батыс-18" экипажы тез арада жетіп, екі полицей қызды таяныштан тартып шығаруға кіріседі, бірақ бойжеткен қатты қарсылық көрсеткен. Сол кезде өтіп бара жатқан екі жүргінші келіп үлгеріп, бірлесіп қызды қауіпсіз жерге шығарып алады.

Қызды құтқару үшін полицияға көмек көрсеткен Амантай Илиев пен Сағынжан Ғизатулин Атырау ІІБ басшылығының алғыс хатымен марапатталса, полицейлер Азамата Тілепқалиева пен Бекжан Мырзағалиев те марапатқа ұсынылаған.

Ал оқиғаға қатысты өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel