RU
Жамбылда жолаушылардың далада түнеуіне себеп болған темір жол апатының себебі анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбылда жолаушылардың далада түнеуіне себеп болған темір жол апатының себебі анықталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында бес жолаушы пойызды жолдан қалдырған темір жол апатының себебі анықталды. Сары -Шаған-Шығанақ аумағындағы шойын жол шырғалаңына жүк вогонындағы ақау себеп болыпты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еліміздің терістігімен күнгейін жалғап жатқан темір жолдың бүлінуі 19 бағыттағы жолаушы пойызды кестеден кешіктірген еді. Айдалада қаңтарылып қалған жолаушылар аптапта тұрып азаптанса, Тараз, Шымкент теміржол бекеттерінде жолаушылар тәуліктеп түнеуге мәжбүр болды.

Сөйтсе "Исткомтраст" серіктестігіне тиеселі жүк вагондарының негізгі қаңқасы жұлынып, жарты шақырым жолды жарамсыз етіпті.

Тексеріске "Қазақстан Теміржол" компаниясы мен аталмыш серіктестіктің өкілдерінен бөлек украиналық зауыттан мамандар шақыртылған. Анықталғандай алғашқы болжам расталды. Енді бар шығынды жүк пойызының қожайыны төлейді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel