RU
Салтанат Бақаева өзін ел алдында масқаралаған хит әннің авторына жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Салтанат Бақаева өзін ел алдында масқаралаған хит әннің авторына жауап берді

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Салтанат Бақаева өзін "әнімнің ақысын дұрыс бермеді" деп айыптаған "Әгугәй, құрбым" әнінің авторы Назерке Семейдің шулы мәлімдемесіна жауап берді. Әнші жас ақынның бұл әрекетін қызғаныштан болуы мүмкін екенін болжады деп жазады NUR.KZ.

Салтанат Бақаева өзін ел алдында масқаралаған хит әннің авторына жауап берді

Коллаж: NUR.KZ

Еске салсақ, керекулік жас ақын Назерке Семей танымал қазақ журналисі Бибігүл Дәулетбекқызына әнші Салтанат Бақаеваға қатысты өз шындығын жеткізген болатын.

Салтанаттың хит болып кеткен "Әгугай, құрбым" әнінің авторы әншіні келісілген соманы бермей кеткені үшін айтыптап, өзінің өкпе-назын айтқан.

Ән авторының шулы мәлімдемесінен кейін Салтанат Бақаева да үнсіз қалмай, жауап ретінде желідегі парақшасына жазба жариялады.

"Ата анамның "біреудің ала жібін аттама" деген сөзімен өскен қызбын, еш уақытта біреудің келісімінсіз әнін не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін!
Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды... Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтын, ақындардың бірі!
"Әгугәй құрбым" атты әнімнің сөзін жазған Назерке.Сөзін тегін жазып беруге келісіп, енді араға 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып "ақша төлемедің" деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды... Ақшасын сұраса, мен келісіп не келіспей, әйтеуір бір мәмілеге келетін едік. Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан, бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып, жазып отырамын!
Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым, бұл жолы 50000 теңге деді, шыны керек, сол сәтте әлі тұрақталмаған, жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын. Мен 20000 теңгеге келісуін өтіндім... Бірақ келіспеді. Оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң, мен қуанып, сол кісінің сөзімен "Әдемі-ай" атты әнімді шығардым! Бар мәселе осы, құрметті оқырман.
Назеркенің, бұл, бәлкім, қызғаныштан туып отырған ойы болар... Өз басым қатты ұялып отырмын!..", - деп жазды әнші (ред. - автордың жазу стилі сақталған).

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары пікір қалдыра алмады. Себебі ол пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойыпты.

Сіздің реакцияңыз
20
1
0
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel