RU
Ақтауда заманауи үлгідегі амфитеатр ашылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақтауда заманауи үлгідегі амфитеатр ашылды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды. Кең, заманауи үлгідегі көпфункционалды сахнаның ұзындығы 70 метр, 19 бағананың биіктігі 9 метр. Амфитеатр 15 шағын аудандағы ұзындығы 1 км 750 метр жаңа жағалауда орналасқан.

Ақтауда амфитеатр ашылды

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов арнайы қатысып, жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Бұл Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елбасының өзінің қолдауымен, халықтың қалауымен ел игілігіне арналып салынған, халқымызға рухани жол көрсететін үлкен нысан деп санаймын. Өздеріңізге белгілі, санаулы күндерден соң бүкіл ел болып үлкен шара «Каспий маңы елдерінің саммитін» Маңғыстау облысында өткізгелі отырмыз. Бұл саммитке Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түркменстан сияқты 5 мемлекеттің басшылары арнайы келіп қатысады. Бұл тарихи сипатқа ие маңызды басқосу. Сондықтан еліміз үшін нағыз тарихи сәт болатыны сөзсіз. Дәл осы Ақтау қаласында өткізілетін жиында маңызы зор құжатқа қол қойылады деген ниетпен күтілеуде. Әрбір жанұя шаңырағына қонақ келсе үй-жайын түзеп қонақты жақсылап күтуге әзірленеді. Олай болса, Мемлекет те біздің үйіміз. Теңіз жағасы аббатандырылып, жолдар салынып, көшелерде шамдар жарқырай түсті, көп құрылыстар мен нысандар бой көтерді. Халық демалатын орындар пайда болды. Соның бір дәлелі, міне бүгін Өздеріңіз куә болып отырған, көптен көңілде жүрген нысанның ашылуы», деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Ақтауда амфитеатр ашылды

Жаңа амфитеатр «Led-панель», заманауи жарық техникалармен қамтылған. Мұнда бір мезетте 1000 өнерпаз өнер көрсете алады. Олардың өнерін 25 мың көрермен тамашалайды. Амфитеатрда фестиваль, концерт пен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, сахна төрінде тұрған орталық бағананың үстіне «Суын айғыр» мүсіні қойылған. Мүсіннің биіктігі 4 метр, 20 см. Сахна астында техникалық қызметкерлер мен әртістерге арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ, мұнда арнайы пандустар орнатылған.

Ақтауда амфитеатр ашылды

Жаңа жағалауға 48 мың шаршы метр кеспе тастар төселген. Оның сахна алдындағы 3 мың шаршы метр бөлігі қызыл, көк, сары түске еніп жарқырап тұрады.

«Біздің қаламызда мұндай ірі өзгерістер болған емес еді. Бүгінгі ашылып жатқан нысандар Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарына керемет тосын сый болып отыр. Жаңадан ашылған мәдени орындардың барлығы отбасымен келіп, демалуға таптырмас жер екен. Біз, ақсақалдар, өңір басшысы Е.Тоғжановтың күнделікті осында келіп, құрылысты өзі қадағалағанын жақсы білеміз. Бүгінде қаланың жаңа келбеті қалыптасты. Біз мұны ұзақ күттік. Енді біздің амфитеатрымыз, жаңа теңіз жағалауымыз бен теңізбен туыс ландшафтағы алғашқы тың жоба - жартасты соқпағымыз бар», - дейді өлкентанушы Алқажан Еділхан.
Ақтауда амфитеатр ашылды

Сондай-ақ, жаңа жағалауда 4 тынығатын орын(ротонда), 6 алаң(алдағы уақытта тағы 6 алаң салынады), 340 орындық, 340 қоқыс жәшігі, 4 балалар алаңы бар. Оның біреуі воркаутпен айналысып, жаттығуға арналған орын болады. Сондай-ақ, 16 ескерткіш қойылған. Балалар алаңының жанына тұрғындардың тынығуына арналған орындықтар мен 4 шатыр қойылады. Құрылысқа 500 адам жұмылдырылды. Қыркүйек айының соңына дейін тағы 17 мың шаршы метр кеспе тастар төселеді деп жоспарлануда.

Ақтауда амфитеатр ашылды

Амфитеатрдың салтанатты ашылу рәсімінде театрландырылған қойылым қойылып, аймақ өнерпаздары ән айтып, би билеп жиналғандарды тәнті етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel