RU
Алматыда қалың жұрттың арасында жолбарыспен серуендеген жігіт елдің ашуын тудырды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қалың жұрттың арасында жолбарыспен серуендеген жігіт елдің ашуын тудырды

Рассказать Вконтакте

Жуырда Алматыдағы Арбатта жолбарыспен қыдырып жүрген жігіттің видеосы тарап кеткен болатын. Алматы цирк манежінің инспекторы, өз ісінің маманы Юлия Дудкина болса, бұл оқиғаның арты ауыр қайғыға апарып соқтыруы әбден мүмкін еді, дейді. Себебі жыртқыш аң бірінші кезекте балаларға шабуылдайды деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның айтуынша, жолбарыстың иесі қауіпсіздік техникасын өрескел бұзып отыр. Жолбарыс, арыстан секілді жыртқыш аңдарды әбден зерттеген маман бұл жайттың соңы трагедияға айналуы мүмкін еді, дейді. Оның сөзіне сенсек, ер адамның 80 келілік жыртқышты ұстап қалуға күші жетпес еді. Ал жолбарыс бірінші кезекте балаларға шабуыл жасайтынын есте сақтаған жөн, дейді маман.

"Кез келген жыртқыш аң, әсіресе, жолбарыс өзінен кіші тірі жанға шабуылдайды. Адамдарға үйренген аң ересектерге емес, балаларға қарай жүгіреді. Себебі балаларды ол өзінің жемтігі ретінде көреді. Ал жемтігін ұстауға бекінген аңды ол көп ұстап тұра алмайды. Сондықтан оның бұл әрекетін ақымақтық дер едім", - дейді Дудкина.

Сонымен бірге ол жолбарыстарды толықтай қолға үйрету мүмкін еместігін ескертті.

"Бір қарағанда өте мейірімді болып көрініп тұрған жыртқышты баланың айқайы, көліктің дабылы секілді дыбыстар бірден шошытады. Осылайша ол өзінің жыртқыштық әдетіне қайта басады", - дейді ол.

Маманның айтуынша, бір жолбарысты ел алдына шығару үшін бес адам қадағалап тұруы тиіс.

Сонымен бірге ол Алматыда түрлі аңдарды асырайтындар да көбейіп кеткенін айта кетті.

"Зообақ қызметкері ретінде бізге жыртқыш аңдарды өткізетіндер көбейгенін айта кеткім келеді. Алматыда экзотикалық және жыртқыш аңдарды асырау үрдісі белең алып келеді. Елдер мұны сәнге айналдырып жатыр. Бірақ оларға тиісінше қарай алмаған соң, оларды жарты жылдан соң бізге өткізеді", - дейді ол.

Айтуынша, қазіргі таңда фототүсірілім жасау мақсатында жолбарысты да, аюды да, тіпті бес метрлік жыланды да жалға ала беруге болады екен. Алайда Юлия Дудкина жұрттың бұл әрекеті өте қауіпті екенін еске салады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel