RU
Головкин: Альварес маған кездескен ең лас боксшылардың бірі
Жаңалықтар Спорт

Головкин: Альварес маған кездескен ең лас боксшылардың бірі

Рассказать Вконтакте

9 тамыз күні батыстық баспасөз құралдары Геннадий Головкиннің Калифорниядағы жаттығу залына соға кетіп, отандық спортшының алдағы жекпе-жегіне дайындығын біліп қайтты деп жазады prosorts.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Ақпарат құраладрының сауалдарына жауап беру үшін "GGG" өзінің жаттығуын тоқтата тұруына мәжбүр болған.

Сұхбат беру барысында ол Сауль Альваресті мансабындағы ең жағымсыз қарсыласы екені айтты.

"Ол маған кездескен ең жағымсыз әрі лас боксшылардың бірі. Ол спорт заңнамаларын бұзды. Жасауға болмайтын нәрселерді жасады. Ал оның командасы болса сол заңсыз әрекеттерді құптап жүрді. Біз стиль жөнінен әр түрліміз, осы жолы кездесу уақытынан ерте аяқталады деп сенемін", - деп айтты боксшы.

Бір журналистер Головкиннен жаттығуын тоқтатып, уақытын алғаны үшін кешірім сұрағанда ол былай деп жауап қатты:

"Бір танымал спортшының бапкері айтқан еді. БАҚ-тың келе бергенін қаласаң, ұтылып қалуың керек деп".

Отандық боксшының промоутері Том Леффлер де ақпарат құралдарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.

"Бірінші жекпе-жекте Геннадий мүлде қиналған жоқ. GGG- әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Канело оны апперкотпен ұстап алғанда, Головкин бір қадам артқа сосын екі қадам алдыға жасады", - деп қайырды маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel