Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Есіл өзенінің "қанды өзен" екені рас па?

Опубликовано:

Биылғы жаз маусымы астаналықтар үшін, "тыныш өтті" десек қателесерміз. Оған дәлел, қаладағы тек бір ғана Есіл өзенінде 15 бірдей адам суға батып, ажал құшты. Елорданың екіге бөліп, шаһарға сән-салтанат беріп тұрған ерке Есілдің "қанды өзен" екені рас па? NUR.KZ тілшісі жергілікті халықтың пікірін тыңдап қайтты.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Астанада биылғы жаз маусымында 15 бірдей адам қаладағы Есіл өзеніне батып ажал құшқан. Өкініштісі ажалы судан болған тұрғындардың 9-ы өрімдей жас жеткіншектер болып отыр. Астаналықтар Есілдің ағыны баяу, "жуас" өзен екенін алға тартуда. Айтуларынша, бір жазда "қанды өзен" атанған Есілде бұрын-соңды мұндай оқиғалар болып көрмепті.

"Өткенде жаңалықтардан естіп, таң қалдық. Бәрі сол жауапкершіліктің төмендігінен, ата-аналардың балаларға дұрыс қарамауынан болып отыр деп ойлаймын. Бір жағынан жазатайым оқиға болған соң, не айтасың? Өзім жергілікті ақмолалықпын, Қояндыда тұрамын. Есілді "қанды өзен" деп айтуға аузым бармайды, құдай бетін ары қылсын", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Сонымен бірге астаналықтар әсіресе жаз уақытында балаларға сақ болу қажеттігін алға тартты.

"Өткенде 4 бірдей жасөспірімнің денесін Есілден алып шықты дегенді естідім. Қайғылы жағдай, ата-аналарына Құдай сабыр берсін. Сосын кілем жуып отырған келіншек суға кетті деп жатты. Соның бәрі жауапкершіліктің төмендігінен, суға қалай болса солай қараудан болып тұр ғой.

Есіл "қанды" өзен емес. Оның ағысы баяу, иірімдері де сондай терең емес. Тек абайсызда орын алған ажал болып тұр. Әйтпесе, өзеннен қыс бойы балық аулап шығамыз, ондай өзен деп ойламаймын. Мысалы шығыстағы Ертіс сондай қанды өзен болуы мүмкін, себебі ол үлкен өзен, бізден бастап сонау Қытайға дейін созылып жатыр. Біздікі оның жанында шағын өзен, тек судың маңына барғанда "бисмилля" деп жүру керек шығар", -деп өз ойларын ортаға салды елордалықтар.

Бүгінде қаланың қақ ортасындағы өзен бойына төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен түрлі ескертулер де толып тұр. Алайда, мұның өзі "абайсызда келген ажалды" тұсау бола алмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746824-astanadagy-esil-zenini-kandy-zen-ekeni-ras-pa/

pixel