RU
ШҚО-да баласын құтқарамын деп суға кеткен имамның денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да баласын құтқарамын деп суға кеткен имамның денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында баласын құтқарам деп суға кеткен имамның денесі табылды деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.1777.ru

Көрнекі фото: news.1777.ru

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғындардың құтқарушылар мен полиция қызметкерлерімен бірігіп іздеуінің нәтижесінде 1982 жылғы ер адамның денесі табылған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға орын алғалы бері шамамен 50 адам имам мен оның екі ұлының денелерін іздеген болатын.

8 жасар ұл баланың денесі 1 тамызда табылса, қазіргі уақытта 1999 жылғы жеткіншектің денесі әлі іздестірілуде.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 29 шілде күні болған еді. Ауыл имамының 8 жасар ұлы суға түсіп, қатты ағысты игере алмаған. Батып бара жатқан баласын көрген 36 жастағы ер адам бірден суға жүгіреді. Оның соңынан 19 жастағы ұлы да кеткен екен.

Куәгерлердің айтуынша, отбасы мүшелерінің үшеуі де ағысқа қарсы тұра алмай, ағып кетіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
8
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel