RU
Сәбидің дауысын айнытпай салған әже жұртты күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Қоғам

Сәбидің дауысын айнытпай салған әже жұртты күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Интернетте той кезінде тілек айтып, кішкентай баланың даусын айнытпай салған әженің видеосы тарап кетті. Аталмыш бейнежазба желі қолданушыларды күлкіге қарық қылды деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Желіде үйлену тойында тілек айтқан әженің видеосы кең тарады. Тілек айтып тұрып ол сәбидің жылаған дауысын салған. Оның кішкентай баланың рөліне бірден еніп кеткеніне халықпен қоса асаба да қатты тәнті болған.

Видеоны көрген желі қолданушылары әжейдің ерекше өнеріне таңғалып, өзінің оң пікірлерін жарыса жазды.

"Қанша көрсемде көзім тоймайды апамызға. Тамаданың реакциясы вообще",
"Апаның айтқан тілегі періштенің құлағына шалынсын",
"Кәдімгі баланың дауысын күшті салады екен апамыз",
"Апам өлтірді, ел іші - өнер кеніші", - деген секілді пікірлерді жарыса жазуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel