RU
Жергілікті халық туралы жазбасы желіні шулатқан Горожанкиннің үстінен іс қозғалды
Жаңалықтар Қоғам

Жергілікті халық туралы жазбасы желіні шулатқан Горожанкиннің үстінен іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Константин Горожанкиннің Түркістан облысында зорланған баланың ісіне қатысты жазған екіұшты жазбасы ел арасында дау тудырғаны белгілі. Аталған жайттан соң жазба авторының үстінен іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оңтүстік халқының генінде гомосексуализм бар деп мәлімдеген сарапшыға қатысты іс қозғалды

Оңтүстік халқының генінде гомосексуализм бар деп мәлімдеген сарапшыға қатысты іс қозғалды

Евгений Кочетовтың айтуынша, Горожанкиннің пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп, елдің жаппай наразылығын тудырған соң оны компания құрамынан шығару туралы шешім шығарылған. Бұдан бөлек, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның аталған мәлімдемесін оқырманға толық ұсынамыз.

"Константин Горожанкиннің пікірі бойынша:

1. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Горожанкиннің пікірі бойынша ІІМ-не ресми xат жолданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабымен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) Алматы қаласының ІІД 8 тамыз күні СДТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2. Горожанкин Директорлар Кеңесіне тәуелсіз мүшелікке Қазақстандағы ІТ қауымдастық пен интернет-индустрияның беделді өкілі ретінде сайланған болатын.

3. Qazcontent АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін ақысыз атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, штатта болмады және жалақы алмады.

4. Осы уақыт аралығында оның жұмысына ескертулер болған жоқ. Алайда оның соңғы пікірі Qazcontent АҚ жұмысымен үйлеспейді, осыған байланысты ол Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды және бұдан былай Qazcontent АҚ Тәуелсіз директор емес", - деп жазды Кочетов.

Еске салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын Константин Горожанкин Түркістан облысы Абай ауданында зорланған баланың оқиғасына қатысты пікір білдірген еді. Оның бұл пікірі желіде қызу талқыланып, ел арасында дау тудырған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel