RU
Байбек: Денис Теннің қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті
Жаңалықтар Спорт

Байбек: Денис Теннің қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімін мәңгі есте қалдыру жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram / tenis_den

Фото: Instagram / tenis_den
Source: UGC

"Денис Теннің қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Мен кеше оның анасымен кездестім. Бізде Халық Арена, Алматы Арена, Медеу мен Шымбұлақ пайда болды.

Денистің арқасында қазір көп жастар мен балалар мәнерлеп сырғанаумен айналысқысы келеді.

Біз енді ескерткіш қоямыз, туыстарында бар материалмен кітап шығаруға қолдау мен материалдық көмек көрсетеміз.

Менің ойымша, ол мәңгі есте қалдыруға лайықты адам. Енді оның істері біздің азаматтарға тек пайдасын әкелетін болады" , - деді Байбек.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel