RU
Отандық әнші: KeshYou-дің кесірінен махаббатымды жоғалтып алдым (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық әнші: KeshYou-дің кесірінен махаббатымды жоғалтып алдым (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші танымал музыкалық топ құрамынан кетуінің мән-жайын ашық айтты. Сара Амангелді KeshYou-да ән айту арқылы қандай құрбандыққа барғанын айтып, бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған сырымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

"Жұлдыздар отбасы" журналына сұхбат берген отандық әнші KeshYou-ден кетудің қалай ауыр болғанын айтты. Алайда, Сара өзін топта да жайсыз сезінгенін жеткізді.

Айтуынша, топта жүрген кезінде бойжеткеннің сүйіктісі болған. Бастапқыда әртіс қызының уақыт тығыздығына түсіністікпен қараған ол, кейіннен Сараға тікке айтып таңдау жасауға мәжбүр еткен.

"Егер сен топтан шықсаң, біз бірге боламыз. Не мені, не сахнаны таңда деді. Мен бірден маған үміт артып отырған анам мен Баян Мақсатқызын ойладым. Сол себепті сүйгеніме мен сахнаны таңдаймын демеймін, бірақ адам еңбегін бағалаймын деп жауап қайттым.
Маған сенім артып отырған адамдардың көңілін қалдырғым келмеді. Осыған байланысты оған сахнадан кете алмайтынымды түсіндірдім. Нәтижесінде біз айырылысып кеттік. Маған ауыр тигені сөзсіз. Ол менің алғашқы махаббатым еді", - деп айтты әнші.

Әнші тіпті, сол кездегі сүйіктісіне тұрмысқа шығуға да қарсы емес болғанын да айта кетті.

"Мен осы топта ән айтып жүргенім үшін махаббатымды жоғалтып алдым деп өз-өзімді сөгіп жүрдім. Ақыр-соңы түрлі ойлар мені жеп бітіп, топтан түпкілікті кетуге шешім қабылдадым. Продюсерлерім жағдайымды түсініп бірден келісімдерін берді", - деді Сара Амангелді.

Айта кетейік, әнші танымал топ құрамынан кеткенімен сүйіктсімен қайта қосылмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel